пятница, 2 октября 2015 г.

«Жұлдызы жанған ғалым» облыстық көшпелі семинар

2015 жылдың 29 қыркүйегінде Әулиекөл аудандық кітапханасында Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Жұлдызы жанған ғалым» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.  Шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы мен ағартушылық еңбектеріне байланысты мәліметтерді насихаттау, әріптестердің жұмыс тәжірибесімен танысу, кітапханашылардың біліктіліктерін арттыру үшін ғылыми ақпаратты талқылау. 
Көркем ойдың тарихи маңызын терең  ұғынып, оны ғылыми зерделеген Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың еңбектерін жан-жақты, жүйелі зерттей түсуді уақыттың өзі талап етіп отыр. Ғалым шығармалары дәуір рухымен үндес, пікірлері күні кеше немесе дәл бүгін айтылғандай тың, құнды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады. Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалады.
Семинар жұмысына Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы Олжабаева Роза Төлешқызы, ҚМПИ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Анасова Айнаш Бектұрсынқызы, өлкетанушы Смағұлова Асыл Сұлтанғалиқызы, Ы.Алтынсарин ат. облыстық мемориалдық мұражайы директорының орынбасары, Әулиекөл аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Омарова Жаңылсын Бахытжанқызы, №28 Құсмұрын орта мектебінің мұғалім-зерттеуші Қайпбаева Бакен Қабенқызы, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының, Әулиекөл  ауданының  кітапханашылары қатысты. 
Семинарда бірнеше баяндамалар, кітапхана көрмесіне шолу, виртуалды кітап көрмесі, Әулиекөл аудандық кітапханасында экскурсия, кәсіби пікірталас өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Шараға қатысушылар Шоқан Уәлихановтың мүсініне гүл  қойып, арнауды тамашалады. 









вторник, 8 сентября 2015 г.

Султан своего народа Буктрейлер

Буктрейлер посвящен 180-летию первого казахского учёного Чокана Чингисовича Валиханова. Здесь рассказано о жизни замечательного ученого и путешественника Чокана Валиханова. Казахский народ считает его своим первым ученым и первым революционным мыслителем. Его перу принадлежат научные трактаты по истории, географии и этнографии казахского народа, по литературе и искусству. Он оставил ценное научное и литературное наследие, сыгравшее большую роль в развитии казахской литературы. Буктрейлер создан Данилюк Л.Г.- заведующей районной детской библиотекой.



пятница, 4 сентября 2015 г.

По следам знаменитых экспедиций Чокана Валиханова

В античности древние римляне говорили: «Все дороги ведут в Рим». Поистине, почти тысячи лет назад, во времена могущества Караханидского каганата, все дороги в Центральной Азии вели в столицу государства – в вечный Кашгар. Исмаилжан Иминов прошел по караванному пути нашего великого соотечественника, ученого, путешественника Чокана Валиханова. Об этом можно прочитать в казахстанском журнале «Мысль» за 2015 год в номере 8(журнал имеется в районной библиотеке) или на сайте  http://mysl.kazgazeta.kz/?p=6340#more-6340


среда, 19 августа 2015 г.

Шоқан мұрасы - дәуір шежіресі

Әулиекөл кітапханашылары Ш.Уәлихановқа арналған жарнамалық буклеттер шығарып, оларды өткізілген іс-шараларда оқырмадарға таратты.


пятница, 14 августа 2015 г.

«Манас» поэмасы

Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының өмірін, салт-дәстүрін, тарихы мен этнографиясын толығырақ зерттеу үшін 1857 ж. Алатау қырғыздарына қайтадан аттанады. Осы сапарында аса бағалы фольклор материалдарын жинай жүріп Ш.Уәлиханов алғаш рет қырғыз халқының «Манас» поэмасына көңіл аударады.
«Манасты» қоғамдық және тарихи тұрғыдан ірі оқиға ретінде сипаттай отырып Уәлиханов «Манас» қырғыздың барлық арман-қиялының, ертегілерінің, аңыздарының бір кезеңге біріктірілген және бір тұлғаның - батыр Манастың айналасында топтастырылған энциклопедиялық жинағы. Мұны даланың «Илиадасы» деуге болады. Қырғыздардың өмірі, ұстанымы, салты, георгафиясы, діні мен медициналық танымдары және олардың халықаралық қарым-қатынасы осы бір аса зор эпопеяда көрініс тапқан» деп жазды. 
Ш. Уәлихановтың 1856-1857 жж. алғашқы саяхатының ғылыми жетістіктері өзінің сапар барысында жазған «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар жайлы жазбалар» атты мақалаларында көрініс тапты. 

вторник, 4 августа 2015 г.

«Жұлдызы жаңған ғалым» кітап көрмесі

Шоқан Уәлихановтың есімі Қазақстанда мәдениет тарихы мен қоғамдық-ғылыми пікірінде шын мәнінде құрметті орын алады. Аса құрметті ғалым, ағартушы өте пайдалы ғылыми іздеулердің бірнешеуін Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор саласында қолданды. Біздің жерлесіміз Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына Әулиекөл аудандық кітапханасы «Жұлдызы жаңған ғалым» кітап көрмесін безендірді. Бұл көрмеде Шоқан Уәлихановтың өмір шолуы, шығармашылығы мен ғылыми еңбектері кеңінен көрсетілді. Әр кітап сөресі Шоқан-зерттеуші, Шоқан-тарихшы, Шоқан-фольклоршы, Шоқан - суретші сияқты ақпаратка толы, ал «Шоқан біздің мақтанышымыз» атауындағы бөлігінде оқырмандарға жерлесіміз Шоқан Уәлиханов туралы көркем шығармалар ұсынылды.
     

Имя Шокана Уалиханова по праву занимает почетное место в истории культуры и общественно-научной мысли в Казахстане. Выдающийся ученый и просветитель, предпринял целый ряд весьма плодотворных научных изысканий в области географии, истории, этнографии, фольклора народов Востока. К 180-летию нашего земляка  Шокана Уалиханова  в Аулиекольской районной библиотеке была оформлена  книжная выставка  «Жұлдызы жаңған ғалым». Выставка отражала обширный обзор жизни, творчества и научных трудов Шокана Уалиханова. Каждая книжная полка  была насыщена информацией о Шокане как исследователе, Шокане–историке, Шокане-этнографе, Шокане-художнике, а раздел   под названием «Шоқан -біздің мақтанышымыз» представил читателям художественные произведения посвященные земляку  Шокану Уалиханову.