среда, 17 июня 2015 г.

Қандай қысқа ғұмыр! Қандай таусылмас шежіре.

Шоқан! Қандай қысқа ғұмыр! Қандай таусылмас шежіре.
Шығыстану көгінде, халқымыздың тарихи болмысының биігінде мәңгілікке жарқыраған жарық жұлдызы. Қазақстанда ғылыми және әлеуметтік ойлардың негізін қалаушы, қазақ халқының ұлы ғалымы және ағартушы-демократы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болды. Ол орыс ағартушылары мен төңкерісшіл- демократтарының озат идеяларын дұрыс қабылдай білген адам. Шоқан Уәлиханов негізін салған демократиялық идеяларды қазақ ағартушылары
Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз еңбектерінде одан әрі дамытты. Ілгері бастырды.
          Шоқан алғаш қазақ арасынан шыққан саяхатшы  ғалым,
          алғаш қазақ фольклорын зерттеген ғалым.
          Алғаш қазақ арасынан шыққан шығыстанушы ғалым,
     алғаш еңбегі ағылшын тілінде жарияланған қазақ ғалымы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық- ғылыми  ойының тарихында қүрметті орын алады.
Аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтары туралы толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп- қатерге қарамай белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Шоқан өз сапарын елдің жағрафиясын,  тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланды.
Шоқан Уәлиханов артында мол ғылыми мұра қалды. Ол-Орта Азия мен Қазақстанның тарихына, жағрафиясына, этнографиясына арналған аса маңызды қыруар еңбектер,қоғамдық- саяси тақырыптарға арналған шығармалар қалдырды. Сонымен бірге Шоқан өзі зерттеген елдерді картаға түсіру ісіне елеулі үлес қосқан ғалым. Әрі бірнеше тілдерді жетік білгендігінің арқасында көне ескерткіштер мен деректерді де түпнұсқалары бойынша зерттеді. Өз халқының жарқырап туған жұлдызы болған ол өз заманының аса көрнекті ғалымдары арасында тарих ұсынған лайықты орнында тұр.

3 комментария:

  1. Sebagai dadu online terpercaya kami selalu memberikan pelayanan terbaik bagi member.

    ОтветитьУдалить
  2. Sebagai dadu online terpercaya kami selalu memberikan pelayanan terbaik bagi member.

    ОтветитьУдалить

  3. Sebagai dadu online : https://heysmallpress.org terpercaya kami selalu memberikan pelayanan terbaik bagi member.

    ОтветитьУдалить