2015 жылдың 29 қыркүйегінде Әулиекөл аудандық кітапханасында Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Жұлдызы жанған ғалым» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті. Шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы мен ағартушылық еңбектеріне байланысты мәліметтерді насихаттау, әріптестердің жұмыс тәжірибесімен танысу, кітапханашылардың біліктіліктерін арттыру үшін ғылыми ақпаратты талқылау.
Көркем ойдың тарихи маңызын терең ұғынып, оны ғылыми зерделеген Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың еңбектерін жан-жақты, жүйелі зерттей түсуді уақыттың өзі талап етіп отыр. Ғалым шығармалары дәуір рухымен үндес, пікірлері күні кеше немесе дәл бүгін айтылғандай тың, құнды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады. Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалады.
Семинар жұмысына Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы Олжабаева Роза Төлешқызы, ҚМПИ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Анасова Айнаш Бектұрсынқызы, өлкетанушы Смағұлова Асыл Сұлтанғалиқызы, Ы.Алтынсарин ат. облыстық мемориалдық мұражайы директорының орынбасары, Әулиекөл аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Омарова Жаңылсын Бахытжанқызы, №28 Құсмұрын орта мектебінің мұғалім-зерттеуші Қайпбаева Бакен Қабенқызы, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының, Әулиекөл ауданының кітапханашылары қатысты.
Семинарда бірнеше баяндамалар, кітапхана көрмесіне шолу, виртуалды кітап көрмесі, Әулиекөл аудандық кітапханасында экскурсия, кәсіби пікірталас өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Шараға қатысушылар Шоқан Уәлихановтың мүсініне гүл қойып, арнауды тамашалады.
judi dadu online selalu memberikan pelayanan terbaik bagi member.
ОтветитьУдалитьprediksi togel selalu memberikan pelayanan terbaik bagi member.
ОтветитьУдалитьSebagai situs dadu online terpercaya kami selalu memberikan pelayanan terbaik bagi member.
ОтветитьУдалитьSebagai dadu online terpercaya kami selalu memberikan pelayanan terbaik bagi member.
ОтветитьУдалитьdadu online selalu memberikan pelayanan terbaik bagi member.
ОтветитьУдалить